Ивайло Петев: «Қазақстанмен сырт алаңда ойнау және осыншама мүмкіндіктер жасау оңай емес»

10.10.2021, 15:34
Бұл ойын Босния бапкерінің көңілінен шыққан екен.
Ивайло Петев: «Қазақстанмен сырт алаңда ойнау және осыншама мүмкіндіктер жасау оңай емес»

Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанға қарсы өткен (2:0) іріктеу матчы туралы пікір білдірді:

- Біз жақсы ойын өткіздік және мақсатқа жетуді көздедік. Қазақстанмен сырт алаңда ойнау және осыншама мүмкіндіктер жасау оңай емес. Бірақ біз керемет ойнап, лайықты түрде жеңдік. Зеницадағы ойында да бізде көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ біз екі қателік жібердік. Бүгін мұндай қателіктер болған жоқ. Оңайға соқпаса да, біз лайықты түрде жеңіске жеттік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×