Иван Граф «Шахтер» ойыншысы атанды

04.02.2021, 16:38
Күні кеше «Қайсар» сапынан кеткен еді.
Иван Граф «Шахтер» ойыншысы атанды

«Шахтер» футбол клубы хорватиялық қорғаушы Иван Графпен келісімшартқа отырды.

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс хорватиялық футболшы Иван Граф қарағандылық ұжым сапын толықтырды. Ол бұған дейін «Қайсар» сапында бес жыл өнер көрсеткен болатын. Қызылордалық клуб үшін 138 ойын өткізіп, 8 гол соқты.

Сондай-ақ Иван павлодарлық «Ертіс», хорватиялық «Врапче», «Лучко», «Загреб», «Истра 1961», словениялық «Приморье» және украиналық «Таврия» клубтарында өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×