Иван Маевский «Астанадан» кетті

29.12.2020, 16:37
Футболшы жақын арада «Ротор» клубымен келісімшарт жасасады.
Иван Маевский «Астанадан» кетті

"Астана" футбол клубы 32 жастағы беларуссиялық жартылай қорғаушы Иван Маевскийдің кететіні туралы хабарлады.

Маевский келісімшарттың аяқталуына байланысты командадан кетті. Футболшы "Астанаға" 2017 жылғы маусымда қосылып, командасымен үш чемпиондық атақты, екі Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды және Еуропа лигасының топтық кезеңінде үш рет ойнады. 150-ден астам матчта Маевский 8 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.

Ал өткен маусымда "Астана" чемпионат қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды. Ал Маевский бұл маусымда 15 ойынға қатысып, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×