Хорватия құрамасы мен «Бавария» жартылай қорғаушысы Иван Перишич жаттығу жұмыстарында жарақат алып қалды. Енді ойыншы 4 апта командаға көмектесе алмайды. Бұл туралы «Бавария» бас бапкері Ханс-Дитер Флик айтты.
-«Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Басында бір-екі күннен соң жазылып кетер деп ойладық. Дегенмен жарақат біз ойлағаннан да ауыр болып шықты. Иван бір айға қатардан шығып қалды. Енді 4 аптадан кейін жеке жаттыға бастайды. Ал қалғанын сосын көре жатармыз»,-деді Флик.
Айта кетейік, Перишичті маусым басында Интерден жалға алған еді. Биылғы маусымда 22 матчқа қатысып, 5 гол салған және 6 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET