Mundo Deportivo басылымы клуб құрылымындағы инсайдеріне сүйене отырып, Иван Ракитичтің қысқы трансферде клуб ауыстырмайтынын хабарлайды. Дегенмен хорватиялық жартылай қорғаушыны тиімді ұсыныс түссе жазда сатуы мүмкін. Иван мен «Барса» арасындағы еңбек-шарты 2021 жылға дейін есептелген.
Айта кетейік, осыған дейін Ракитичті «Интер», «Манчестер Юнайтед» сатып алғысы келеді деген ақпарат шыққан еді. «Блауграна» футболшыны 20 миллион еуроға бағалап отырған көрінеді. Осы маусымда 31 жастағы футболшы 15 ойын өткізіп, 2 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET