Иванович қайтадан Еуропаға жол тартпақ

28.07.2020, 00:18
Жасына қарамай АПЛ-де ойнағысы келеді.
Иванович қайтадан Еуропаға жол тартпақ

"Зениттің" сербиялық қорғаушысы Бранислав Иванович жақын арада Англия Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін деп хабарлайды «Новости.рс».

Дереккөздің хабарлауынша, Иванович "Эвертонға" ауысуға іс жүзінде келіскен. Клуб пен ойыншы арасындағы келіссөздер соңғы сатысында. «Црвена Звезда» да футболшыға қызығушылық танытқан еді, бірақ Ивановичтің сербиялық клубқа ауысуы екіталай.

Ойыншының «Зенитпен» келісімшарты 2020 жылдың 31 шілдесінде аяқталады, сондықтан ол басқа клубқа тегін ауыса алады. Иванович Англияда «Челси» сапында 2008 жылдан 2017 жылға дейін ойнаған. Иванович «Зенитке» 2017 жылдың ақпан айында "Челсиден" еркін агент ретінде қосылды. Ресейлік клуб құрамында 36 жастағы қорғаушы барлық турнирлерде 125 матчқа қатысып, 12 гол соғып, 4 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×