Израильді УЕФА-дан неге шығармады?

24.09.2025, 16:47

Israel Hayom сайты Израильдің УЕФА-дан шығуына байланысты ақпаратты жариялады.

Израильді УЕФА-дан неге шығармады?

Дереккөз мәліметінше, дипломаттар, футбол қауымдастықтарының шенеуніктері және спорт саласындағы басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қатаң қысымынан кейін Израильді Еуропа футбол қауымдастықтары одағынан (УЕФА) шығарып тастау шешімі қабылданбады. Израильге негізгі қолдау АҚШ тарапынан көрсетілгені атап өтілді.

Осылайша, соңғы уақытта еуропалық футболды белсенді түрде қаржыландырып жүрген Қатардың Израильге бан жариялау үшін, УЕФА-ның кемінде 20 мүшесін жинаған талпынысы сәтсіз аяқталды.

Тель-Авивтің «Маккаби» клубы Еуропа лигасындағы алғашқы кездесуін грек командасы ПАОК-қа қарсы күнтізбе бойынша өткізеді. Ал ұлттық құрама әлем чемпионатының іріктеуін жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×