
Алматыда өтіп жатқан Meta Sport Forum-ның құрметті қонағы танымал бразилиялық ардагер Кафу Meta-ratings.kz-пен Қазақстан футболы жайлы әсерімен бөлісті.
«Қазақстанның болашағы жарқын екенін көріп тұрмын. Таяуда футболшыларыңызды «Челси» алыпты, мұның өзі үлкен жетістік. Сіздердің еліңізде даму бары байқалады, әсіресе балалар футболында бір серпілістің бары анық. Бразилияға қатысты айтар болсам, талантты өрендер бізде үнемі болған, бірақ соңғы уақытта бұл жағы сәл саябырсып қалған сияқты», - деді әйгілі футболшы.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаевтан бөлек, тағы бірқатар жас футболшылардың шетелдік чемпионаттарға кетуі мүмкін деген ақпараттар тарады. Бұл ретте «Астананың» 20-жасар өкілі Нұралы Жақсылыққа испаниялық «Лас-Пальмас» клубының қызығушылығын атап өтуге болады. Сондай-ақ, «Қайраттың» 16 жасар шабуылшысы Дәулет Орынбасарға мәскеулік «ЦСКА» мен «Динамо» Загребтің қызығушылық танытып, нақты ұсыныс жасағанын да қос кетейік.
Біздің серіктес: FONBET