Кахабер Цхададзе: «Қайратты» лайықты чемпиондық атақтарымен құттықтаймыз»

04.11.2020, 15:42
«Қайрат» чемпиондық матчта «Ордабасыны» 3:1 есебімен жнңген еді.
Кахабер Цхададзе: «Қайратты» лайықты чемпиондық атақтарымен құттықтаймыз»

"Ордабасының" бас бапкері Кахабер Цхададзе "Қайратқа" қарсы ойын жайлы пікірін білдірді

- Менің ойымша бүгін өте жақсы ойын болды. Сөзсіз, қарсылас команданың ойыншыларының шеберлігі біздің футболшыларымыздан асып түсті. Былай қарасақ, бұл ешбір қиындықсыз өткен қызық ойын болды, екі команданың да қауіпті сәттері жетіп артылды. Өзім айтқандай, "Қайрат" жеке шеберліктің арқасында жасалған сәттерді ұтымды пайдаланады. Ал біз үшінші голымыз секілді доптар өткіземіз, бұл сұмдық. Әрине бұны біз абайсызда болған жағдай деп танимыз. "Қайратты" лайықты чемпиондық атақтарымен құттықтаймыз! Олар ішкі чемпионатта бір бас жоғары болып, жүлдені лайықты түрде жеңіп алды деп ойлаймын.

"Ордабасының" жартылай қорғаушысы Аслудин Хаджиев "Қайратқа" қарсы өткен ойын жайлы пікір білдірді

- Бірінші кезекте, "Қайратты" чемпиондық атағымен құттықтағым келеді! Олар осы жылы барлық ойындарды керемет өткізіп, лайықты жүлделеріне қол жеткізді. Егер ойын жайлы айтсақ, біз қарсыласымыздан жеңілмеуге тырыстық. Оның үстіне қазір біз үшін барлық ойын маңызды және бізге ұпай ауадай қажет. Бірақ бүгін ол ойымыз іске аспады. Қауіпті сәттер болды, бірақ біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал қарсыласымыз өз голдарын соқты. Қазір үзіліс уақыты болады, кішкене демалып, чемпионаттың соңғы бөліміне дайындылатын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×