«Байердің» жартылай қорғаушысы Кай Хаверц клуб басшылығынан өзін осы жазда жіберуді сұрады, деп хабарлайды Metro Bild-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін 21 жастағы футболшыға қызығушылық танытқан «Реал», «Челси» және «Бавария» екені хабарланған болатын. БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта жартылай қорғаушыны алудың ең үлкен мүмкіндігі Лондон клубында. «Челси» «Байерден» сұралған 100 миллион еуроны төлеуге дайын екендігі хабарланған.
Айта кетейік, жартылай қорғаушының "Байермен" келісімшарты 2022 жылға дейін. Маусымның қорытындысы бойынша, "Байер" Германия чемпионатында бесінші орынды иеленіп, Чемпиондар лигасына шыға алмады. Осы маусымда Кай клуб деңгейіндегі барлық турнирлерде 39 матчта 15 гол соғып 8 мәрте нәтижелі пас шығарды.
Біздің серіктес: FONBET