Премьер-лиганың 23-турының басты ойынында Алматыдағы Орталық стадион лықа толмақ.
Қонақтар жанкүйерлерінің өзі 25, 26, 27, және 28 секторларда “Ақтөбеге” қолдау көрсететін болады. Бұл трибуналарда 2 019 орындық орналастырылған.
Жалпы Алматыдағы стадион 23 804 адамды құшақ жая қарсы алады.
Осы орайда, “Қайрат” командасының баспасөз-қызметі фанаттарға стадионға бірнеше сағат бұрын ерте келуді сұранады! Сол арқылы кіреберістегі бақылаудан тез, әрі еш қиындықсыз өтуге болатынын ескертеді. Стадионға үш жақтан кіруге болады: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі.
Одан тағысы, матчқа ерте келу арқылы белсенділік аймақтарында көңіл-көтеруге мүмкіндік туады. Ұйымдастырушы тарап стадион маңайында түрлі дәмді тағамдар ұсынатын фуд-корттар қызметін іске қосатын болады.