“Қайрат” Алматыда жаңа “Реалмен” кездеседі. Бұрыңғы “Реал” енді жоқ

21.09.2025, 21:30

Алматыдағы тарихи матч қарсаңында Мадридтік “Реалдың” бас бапкері Хаби Алонсо командасының қазіргі жағдайы мен даму қарқыны туралы пікір білдірді. 

“Қайрат” Алматыда жаңа “Реалмен” кездеседі. Бұрыңғы “Реал” енді жоқ

Испания Ла Лигасының 5-турында “Эспаньолды” 2:0 есебімен жеңген соң, ол клубтың қарқынын атап өтті.

“Қазір біз клубтық әлем чемпионатындағы команданың деңгейінен өзгеше, жаңа команда болып отырмыз. Бір қадам алға жылжыдық. Бүгін біз байыпты, тұрақты ойнадық. Соңғы үшінші аймақта жарқын әрекеттер жетіспеген болуы мүмкін, бірақ команда өте жинақы болды. Біз еш қиындық көрмедік. Бұл маңызды жеңіс, әрі дамуға серпін беретін нәтиже. Жеңіс өте пайдалы болды. Бұрынғыдай қысымға түскен жоқпыз, соңғы екі матчтағыдай 10 ойыншымен ойнауға тура келген жоқ.” – деді Алонсо.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×