Алтын матчта қандай нәтиже тіркеледі?
Жалпы, алматылық команда мен елордалық ұжымның өзара соңғы 5 кездесуінің 3-і «Қайраттың» жеңісімен аяқталған. Сондай-ақ, соңғы 5 бәсекенің үшеуінде голдардың тоталы 2.5-нан кем болған екен. Бүгін осы дәстүр жалғаса ма?
«Қайрат» ЧЛ кездесулерімен бірге ҚПЛ-дегі ойындарын өткізіп келеді. Соңғы 3 матчта ұпайдан шашау шығармады. Әсіресе, өз алаңында нәтижелі өнерімен есте қалуда - «Жетісуды» 5:0, «Жеңісті» 3:1-мен аяған жоқ. Өткен жолы ЧЛ да «Пафоспен» аса ауыр кездесу өткізді. Рафаэль Уразбахтин командасына титықтатып тасатамаса, бүгін де «Орталық» алаңда барын салып, жеңіске ойнауы тиіс. Алаң иелеріне тең нәтиже де жеткілікті, себебі, қарсыласынан 2 ұпайы артық.
«Астана» болса тек жеңіске ойнамақ. Өйтпеген жағдайда бас жүлде «Қайратқа» бұйырады. Григорий Бабаянның командасы соңғы кезде керемет қарқын алды. Соңғы бес турда 4 жеңіс пен 1 тең ойын. Елордалық клуб бүгінгі қарсыласынан тың және осы фактор шешуші рөл ойнап кетуі ықтимал.
Бірінші таймда екі команда да гол салады. Бұған Fonbet.kz 4.05 коэффициент береді.