Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті Премьер лиганың 26-турындағы "Қайрат" — "Астана" ойынына байланысты ресми шешім шығарды
Комитет мәліметінше, матч барысында "Қайраттың" жаттықтырушыларының бірі Қырғызстандық маман Сергей Куцов ойынның ресми хаттамасында тіркелмегеніне қарамастан, техникалық аймақта болған. Бұл жағдай Чемпионат регламентінің талаптарын бұзу ретінде бағаланған.
Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес, ҚФФ комитеті "Қайратқа" ресми ескерту беруге шешім қабылдады.