Matteo Marchetti
Қазақстан Премьер лигасының 26-туры аясындағы шешуші – “Қайрат” пен “Астана” матчының төрешілер құрамы белгілі болды.
Oйынды басқаруға Италиядан төрешілер шақырылған.
Бас төреші қызметін 35 жастағы Маттео Маркетти атқарады. Оған бүйір сызық бойында Валерио Коларосси мен Кристиан Росси көмектеседі. Ал VAR жүйесін қадағалау міндеті тағы бір Италиялық маман — Давиде Герзиниге жүктеліп отыр.
Ал VAR (AVAR)-ға Қазақстандықтар жауапты.