«Қайрат» – «Астана» матчына қанша билет сатылғаны белгілі болды

23.10.2025, 22:27

26 қазан күні Қазақстан Премьер лигасының 26-туры аясындағы ең шешуші әрі чемпиондық ойын «Қайрат» – «Астана» арасында өтеді.

«Қайрат» – «Астана» матчына қанша билет сатылғаны белгілі болды

Осы орайда алматылық клуб билет жайлы маңызды мәлімдеме жасады:

«𝐒𝐎𝐋𝐃 𝐎𝐔𝐓! #ҚайратАстана матчының барлық билеті сатылып кетті!

 Премьер-лига маусымының соңғы және шешуші матчы 26 қазанда сағат 15:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.

Матч басталардан 2-3 сағат бұрын келіңіздер. Кезекке тұрып қалмай, кіру бақылауынан еркін өтіңіздер. Үш жақтан кірсе болады: Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынұлы көшесі жағынан.

 Ойын күні жанкүйерлерге арналған бағдарлама өтеді. Онда серіктестеріміз ұсынған шаралар, интерактивті аймақтар, тегін аквагрим, дәмді тағамдар мен сусындар болады. Басқа да шаралар жайлы жуырда хабарлаймыз.

Қалың киініп алып сүйікті командаңызға қызу қолдау көрсетіңіздер!

Бұл — біздің қаламыз! Біздің командамыз! Алматылық «Қайратқа» жанкүйер болыңыздар!», – делінген клубтың әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 26-туры 26 қазан күні барлық 7 ойын бір мезетте 15:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×