“Қайрат” бапкерін сайлап алды

06.09.2024, 14:13

Рафаэль Уразбахтин - “Қайрат” командасының бас бапкері атанды. 

“Қайрат” бапкерін сайлап алды

Маман мен клуб арасындағы келісім маусымның соңына дейін жасалды. Оның штатында клуб құрылымының бапкерлері Максим Зуев пен Сергей Куцов болады.

Ол өзінің бапкер мансабын 2014 жылы бастады. 2019 жылдың соңына дейін “Қайрат” ФК академиясының әртүрлі жастағы командасында жұмыс істеді. Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін қарағандылық “Шахтер” клубында бас бапкер көмекшісі, кейін клубтың спорт директоры қызметін атқарды. 

2023 жылдың басында ол клуб құрылымына оралып, “Қайрат” U-18 командасының бапкерлер штабының құрамына кірді. Онымен QJ League турнирінің чемпионы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

Қайрат ФК
×