Танымал маман Болат Есмағамбетов алматылық «Қайраттың» ЧЛ негізгі кезеңі мен ел біріншілігінде өткізетін ойындарына тоқталып, тығыз кестесіне қатысты пікірін айтты.
«Қайратқа» да оңай болмайды, премьер-лигада ойнайды. Мына жақта да Чемпиондар Лигасында шайқасуына тура келеді. Ал ертең ҚПЛ біткен соң, басты бас уайымы басталады - чемпионаттың матчтары біткен, ал сен дайын болуың керек!.. 100 пайыз ойын тонусы қайдан? Көп қиындықтар болады, енді оның бәрінен өтуіміз керек. Сол үшін чемпион болды, сол үшін ең мықты турнирдің негізгі кезеңіне шығып отыр ғой. Футболшылардың өздеріне де қызық, ерекше мотивациялары бар. Өздерін көрсетуі керек, қосымша табыс болады», - деді белгілі маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
«Қайрат» бірінші турда сырт алаңда «Спортингпен» кездеседі. Бұл ойын 18-қыркүйекте. 30-қыркүйекте «Реал» Мадрид қонаққа келмек. Сондай-ақ, Алматыға 9-желтоқсанда «Олимпиакос», 20-қаңтарда «Брюгге» қонаққа келеді.