«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұхбатында трансфер жайлы сөз қозғады.
«Кейінгі күндері әлеуметтік желіде «Қайраттың» футболшылары жайлы ақпараттар көбейді. Темірлан Анарбеков, Александр Заруцкий, Лев Кургин және т.б футболшылар жайлы түрлі шетелдік клубтар қызығып жатыр-мыс. Бірақ бұл әңгімелер трансфер терезесі ашылған сәтте ғана өзекті болады. Дәл қазіргі сәтте олардың клубпен келісім-шарты бар. Агенттер трансфер жайлы әңгімені өлтіреді. Әйтсе де олар «Қайратты» жарнамалап жатқандарына рақмет», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, «Қайрат» 2025 жылғы футбол маусымында екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Суперкубогын иеленді.