Қайрат Боранбаев Ресейлік бұрыңғы жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің Алматылық клубтағы кезеңі туралы естелігімен бөлісті.
Чемпионат: 2016 жылы Аршавинді “Қайратқа” шақыру қиын болды ма?
"Жоқ, керісінше, ол келісімге келу оңай болған футболшылардың бірі еді. Андрей бізде өте жақсы әсер қалдырды. Ол Алматыға тек футбол ойнау үшін келді, басқа мақсаты болған жоқ. Бірінші маусымның қорытындысында көрермен саны айтарлықтай артқанын байқадық, әсіресе сырт алаңдағы кездесулерде. Көп жанкүйер тек Аршавинді көру үшін келетін. Сол кезде командада Анатолий Тимощук та болған. Андрей жарқын ойынымен есте қалды, оны жанкүйерлер әлі күнге дейін ерекше ықыласпен еске алады."
Боранбаевтың айтуынша, жақында өткен "Қайрат" – "Реал" кездесуінде Аршавинге жанкүйерлер жол бермей, сурет пен қолтаңба алуға ұмтылған.
"Ол кезде мен оған жақсырақ орын ұсындым, бірақ ол бәрі дұрыс деді, ешқандай артықшылық сұрамады.” — дейді клуб басшысы.
Ал ойын нөміріне қатысты талас болған жоқ па?
"Жоқ, ешқандай дау болған жоқ. Бізде дәстүр бар — негізгі құрам ойыншылары 1-ден 11-ге дейінгі нөмірлерді таңдайды. Бірақ Аршавин мен Тимощукке ерекше жағдай жасалды. Аршавин 28-нөмірді, ал Тимощук 44-нөмірді таңдады.”