Қайрат Боранбаев: «Astana Arena» стадионымен келісіп қойдық

02.11.2025, 15:42

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Nursultan Qurman YouTube арнасына берген сұхбатында стадионды алмастыру бойынша сұраққа жауап берді.

Қайрат Боранбаев: «Astana Arena» стадионымен келісіп қойдық

«Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіңде 9 желтоқсан күні «Олимпиакос» және 2026 жылы 20 қаңтар күні «Брюггені» өз алаңымызда қабылдаймыз. Осы орайда ауа-райы суық болуы мүмкін. Жанкүйерлерімізді ойлай келе, біз «Astana Arena» стадионымен сөйлесіп, келістік. 9 желтоқсан және 20 қаңтар күні ешқандай шара өтпейді екен. UEFA регламентіне сай матчқа бір ай қалғанға дейін қарсыласымызды ескертуге тиіспіз. Алайда барлығы ауа-райына тікелей қатысты болмақ. Егер ауа-райы жылы болса, ойынымызды Алматыда өткіземіз», - деді Қайрат Боранбаев.

Дәл қазіргі сәтте «Қайрат» 1 ұпаймен 33-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×