Қайрат Боранбаев: Чемпиондар лигасында билет бағасының қымбат болуы заңдылық

22.10.2025, 17:30

Өткен аптада «Қайрат» пен «Пафос» клубтарының арасындағы ойынға билеттер 30 000 - 250 000 теңге аралығында сатылып еді. Осы орайда клуб басшысы Қайрат Боранбаев билеттің арзандау мүмкіндігіне байланысты сұраққа жауап берді.

Қайрат Боранбаев: Чемпиондар лигасында билет бағасының қымбат болуы заңдылық

«Біз бастапқыда Чемпиондар лигасына байланысты ортақ шешімді қабылдағанбыз. Чемпиондар лигасы – мәртебесі жоғары турнир. Сондықтан бағаның жоғары болуы заңды. Нарық осылай жұмыс істейді.

Иә, инфрақұрылымымыз мінсіз емес. Алайда стадионның бүгінгі кейпіне келуі үшін қала көп жұмыс жасады. Ол барлық талаптарға сай келеді. Мен матч комиссарымен сөйлестім. Ол: «Мен басқа нәрсені күткенмін. Бірақ ұйымдастыру деңгейі өте жақсы», – деді. УЕФА үшін ең маңыздысы – қауіпсіздік. л бұл жағынан бізде бәрі дұрыс.

Ал билеттерге келсек… Ашығын айтайық, егер «Пафостың» орнына «Интер» келгенде не болар еді? Аншлаг. Демек, мәселе бағада емес, қарсыласта. Дегенмен, «Пафос» та жақсы команда. Олар да біз сияқты Еуропаның үздік 36 клубының қатарына кірді. Тіпті олардың құрамы мен трансферлік құны біздікінен жоғары», – деп Қайрат Боранбаев өз уәжін Qsport арнасына берген сұхбатында келтірді.

Айта кетейік, 

Айта кетейік, кеше алматылық команда өз алаңында Кипр чемпионы «Пафоспен» 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.

Дәл қазіргі сәтте «Қайрат» 1 ұпаймен 33-орында тұр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×