Қайрат Боранбаев: “Чемпиондар лигасының сыйақысы клуб бюджетінен үш есе көп”

27.09.2025, 15:35

Алматының “Қайрат” клубының төрағасы Қайрат Боранбаев УЕФА аясында Eурокубоктарға қатысудың қаржылық пайдасын ашып айтты.

Қайрат Боранбаев: “Чемпиондар лигасының сыйақысы клуб бюджетінен үш есе көп”

EFE агенттігіне берген сұхбатында Боранбаев клубтың Чемпиондар лигасынан алатын сыйақысы жылдық бюджеттен үш есе көп екенін жеткізді.

“Егер біз Азия Чемпиондар лигасына қатыссақ, бар болғаны 25 мың еуро алатын едік. Сондықтан қаржылық тұрақтылық біз үшін өте маңызды.” – деді ол.

Боранбаевтың айтуынша, тіпті Конференциялар лигасының топтық кезеңіне қатысу да клубтың бір жылдық бюджетіне тең қаржы әкеледі.

Айта кетейік, “Қайрат” тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын. Бұл жетістік клуб үшін тек спорттық емес, экономикалық тұрғыдан да үлкен серпін беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×