Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тарихи ұпайына қол жеткізген «Қайрат» клубы тек тең нәтижеге қанағаттанбайды.
Қайрат Боранбаевтың ресейлік Championat.com сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасындағы жоспарымен бөлісті.
«Біз өз алдымызға плей-оффқа шығып, үздік 24-тің қатарына енуге мақсат қойдық. Бүкіл күрес әлі алда. Әсіресе, мен кестеге қарағанда, алғашқы екі ойында тек біз ғана емес, басқа командалар да жеңілгені анықталды. Тек бір нәрсе – доп айырмашылығы маңызды рөл атқарады. Бесінші гол, әрине, артық болды. Бірақ ештеңе етпейді, біз бәрібір командаға разымыз», – деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, кеше алматылық команда өз алаңында Кипр чемпионы «Пафоспен» 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын.
Дәл қазіргі сәтте «Қайрат» 1 ұпаймен 33-орында тұр.