Қайрат Боранбаев Президенттің футболды жекешелендіру бастамасын қолдады

10.09.2025, 12:15

Алматылық "Қайрат" футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтқан кәсіби спортты дамытуға қатысты бастамасына қолдау білдірді.

Қайрат Боранбаев Президенттің футболды жекешелендіру бастамасын қолдады

Боранбаевтың айтуынша, футболдың өркендеуі үшін жаңа стратегия қажет және мемлекет басшысының ұстанымы – уақыт талабына сай шешім:

"Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз, себебі ол өте дұрыс бағыт. Әрине, бастапқыда белгілі бір шығындар, қажетті инфрақұрылым қажет болады. Бірақ клубтардың мемлекеттік құрылымдардан тәуелсіз дамуы әлемдік тәжірибеде өзін дәлелдеген жол. Сондықтан біз бұған тек қолдау көрсетеміз." – деді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстандық футболды жекешелендіруді жеделдету қажеттігін атап өткен болатын. Қазіргі таңда бұл процесс басталғанымен, жеке қолға өткен клубтар саны әлі де аз.

Мемлекет басшысы бүгінде төрт Қазақстандық клубтың жекеменшік иелері бар екенін айтып, оларды қолдаған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ол кәсіби спортты әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен бірге ірі табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырудың маңыздылығына тоқталды:

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, футболды коммерцияландырусыз оның дамуы мүмкін емес. Профессионалды спорт бұл табысты бизнес саласы.” – деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×