Қайрат Боранбаев: “Шерхан ғана емес, бүкіл команда сыйлыққа лайық”

16.10.2025, 10:00

"Қайрат" футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкердің автокөлік сыйлаған оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Қайрат Боранбаев: “Шерхан ғана емес, бүкіл команда сыйлыққа лайық”

Спорт Шредингера сайтына берген сұхбатында Боранбаевтың айтуынша, жас қақпашыға Exeed маркалы көлік сыйға тартылуы қоғамда да, клуб ішінде де түрлі пікір тудырған. Бұл жағдайға "Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де сын көзбен қараған болатын.

Клуб басшысы атап өткендей, футбол – ұжымдық спорт, сондықтан жеңіске де, марапатқа да барша команда ортақ.

"Біз бұл мәселені ойыншылармен бірге талқыладық. Түсіндіріп айттым футболда әрдайым команда жеңеді. Егер сыйлық берілетін болса, онда оны бір ойыншыға емес, бәріне беру керек. Мысалы, Дастанға, Мартыновичке, Громыкоға, Заруцкийге де лайық. Әрқайсысы еңбегімен көзге түсіп жүр.” — деді Боранбаев.

Боранбаев мұндай сыйлықтарды толықтай тыйым салу мүмкін еместігін айтты, бірақ клуб ішінде жаңа тәртіп енгізілгенін хабарлады.

"Біз бұған тыйым сала алмаймыз. Бірақ енді келісімшарт бойынша әрбір ойыншы кез келген сыйлық немесе демеушілік ұсынысты тек клуб арқылы рәсімдеуі керек деген талап қойдық.” — деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×