"Қайрат" қожайыны Қайрат Боранбаев "Тараз" директоры Дидар Сыдықбектің Шерхан Қалмұрзаға қатысты жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жақында ғана Дидар Сыдықбек "Қайраттың” жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны өз командасынa қосып алғысы келетінін және ресми ұсыныс тастайтынын жариялаған болатын. Алайда, бұл бастама Алматылық клуб басшылығының наразылығын тудырды.
Боранбаевтың "Тараз” басшысына ескертуі
Қайрат Боранбаев бұл мәселеге нүкте қойып, қарсы тарапты бос жарнамамен айналыспауға шақырды:
"Сіздердің ұсыныстарыңыз тіпті талқыланбайды да. Ештеңе жіберудің де, бұл тақырыпта хайп жасаудың да қажеті жоқ. Өз-өзіңізді жарнамалауды доғарып, клубтың ішкі шаруаларымен айналысыңыздар.” — деп қысқа қайырды "Қайрат” қожайыны.