Қайрат Боранбаев: “Жаңа стадионның төбесі ашылып-жабылатын болғанын қалаймыз”

Бүгін, 11:53

Қайрат Боранбаев "Қайраттың" жаңа стадионы, трансферлік стратегиясы және қазақ футболындағы жекешелендіру мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қайрат Боранбаев: “Жаңа стадионның төбесі ашылып-жабылатын болғанын қалаймыз”

Боранбаевтың айтуынша, қаңтар айына дейін ойын кестесін сақтау — қазақ футболы тарихында алғаш рет болып отырған жағдай. Басты қиындық — негізгі кезең матчтарына дайындық барысында сапалы спарринг-қарсыластардың болмауы.

"Дайындық кезінде бақылау ойындарының аздығынан футболшыларымызға соңғы халықаралық матчтарда қуат жетіспей жатты. Дегенмен, біз өз қателіктерімізден сабақ алып, тәжірибе жинап жатырмыз.” — деді клуб басшысы.

Клуб басшысы Алматыдағы болашақ стадионның "Астана Арена" секілді жылжымалы шатыры болғанын қалайды. "Олимпиакосқа" қарсы ойын алдында мұндай архитектуралық шешімнің тиімділігіне тағы бір мәрте көз жеткізген. Ол қала билігі осы нұсқаны қарастырады деп үміттенетінін жеткізді.

Трансферлік саясат: Легионерлер мен өз түлектері

Клуб сырттан футболшы іздемейді, тек өз академиясының түлектеріне сенім артады.

Қазақстан футбол федерациясының жаңа ережесіне сай (құрамда 10 легионерден аспауы тиіс), келісімшарты аяқталған шетелдіктердің орнына жаңа ойыншылар іздестірілуде.

Боранбаев есімі әлемге танымал жұлдыздарды әкелу әрдайым нәтиже бере бермейтінін атап өтті. Клуб үшін танымалдылықтан бұрын, командамен бірге биік белестерді бағындыруға құштар ойыншылар маңызды.

Футбол клубтарын жекешелендіру

Қайрат Боранбаев футбол клубтарының жеке меншікке өтуін қолдайтынын білдірді.

"Біз сау бәсекелестік жағындамыз. Клубтарды жекешелендіру қажет. Ондай бәсекеден тек мықтылар ғана жеңіп шығады. Нәтижесінде елімізде шетелдік те, отандық та деңгейі жоғары футболшылар көбейеді. Бұдан отандық футбол тек ұтады." — деп түйіндеді сөзін Боранбаев.

Дядя Ваня телеграм арнасының жариялаған бұл мәлімдеме бойынша "Қайрат” басшылығы тек бүгінгі нәтижеге ғана емес, инфрақұрылым мен клубты басқарудың жаңа үлгісіне басымдық беріп отырғанын аңғаруға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×