Қайрат Боранбаев: “Жарақаттар болмаса, жас таланттарды көрмес пе едік?”

Бүгін, 10:15

Клуб басшысы маусым барысындағы күтпеген жағдайлар мен қақпашылар арасындағы бәсекелестікке тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қайрат Боранбаев: “Жарақаттар болмаса, жас таланттарды көрмес пе едік?”

Қайрат Боранбаев журналист Владимир Изотовқа берген сұхбатында биылғы маусымдағы команда қақпашыларының өнеріне қатысты пікір білдірді.

Журналистің "Биылғы маусымдағы ең үздік Қазақстандық қақпашы кім?” деген сұрағына Боранбаев нақты бір есімді атаудан бас тартты. Оның ойынша, отандық қос қақпашы да — Заруцкий мен Анарбеков — өздерін жақсы қырынан көрсетті.

"Мен Анарбеков пен Заруцкийдің екеуін де атар едім. Себебі олар маусымның жартысын бөліп ойнады. Екеуі де сенімді өнер көрсетті.” – деді Боранбаев.

Боранбаев маусым барысындағы жарақаттардың команда құрамына қалай әсер еткенін түсіндірді. Оның пайымдауынша, кейде сәтсіздіктер жаңа есімдердің ашылуына себеп болады.

"Өкінішке қарай, Саша жарақат алып қалды. Бірақ ол саптан шықпағанда, біз Анарбековтің әлеуетін көрмес пе едік. Ал Темірлан жарақат алмағанда, Қалмұрзаға кезек келмес еді.” – деп түйіндеді клуб басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×