20 қаңтар күні Рафаэль Уразбахтин шәкірттері “Астана Аренада” еурокубоктің кезекті кездесуін өткізеді.
Елорда уақытымен сағат 20:30 жоспарланған матчта алматылықтар Бельгияның ең мықты клубтарының бірі саналатын “Брюггені” қабылдайды. Аталған кездесуге билетті жанкүйерлер Qairat Super App және Freedom Super App қосымшалары арқылы ала алады.
Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары тек өз төлқұжаттарымен ғана ойынға кіргу қағаздарына қол жеткізе алады.
Категория бойынша билеттер құны:
Еске салсақ, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде 6 ойын өткізіп, соның 1 тең ойнап, қалған 5 жеңіліс тапты.