Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы тарихында тағы бір рекордты жаңартты, деп хабарлайды, Aladop.kz.
Қазгидромет мәліметінше, матч басталған сәтте елордада ауа температурасы -21°C болған екен. Осыған орай, бұл ойын ресми түрде Чемпиондар Лигасы тарихындағы ең суық футбол матчы болып танылды.
Бұған дейінгі рекорд 2007 жылдың 14 ақпанында Мәскеудегі "Лужники” стадионында "ЦСКА" мен Лондонның "Арсеналы” арасында өткен ойында тіркелген болатын. Ол кезде термометр -14°C көрсеткен еді.