“Қайрат” - Чемпиондар Лигасының іріктеуіндегі ең дөрекі ойнайтын команда

“Сары-қаралар” сары қағаз көрсеткіші бойынша іріктеуде көш басында.

“Қайрат” - Чемпиондар Лигасының іріктеуіндегі ең дөрекі ойнайтын команда

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар Лигасында өткізген 4 матчта 14 сары қағаз алған екен. 

Мәселен, “Олимпияға” қарсы 1 іріктеу кезеңінде “Қайрат” сапынан Громыко, Жоржиньо, Бағдат, Глейзер (2Х), Сорокин, Эдмилсон және Зария ескерту қағазымен жазаланды.

Іріктеудің КуПС клубына қарсы ойында Глейзер, Громыко, Жоржиньо, Мрынский және Зария тікелей қызыл қағаз алды. Осымен барлық ескертуді қоса есептегенде, қазақстандық команда 14 сары қағаз бен 1 қызыл қағазды статистикаға жазды.

Қайраттан кейін ескерту көрсеткіші бойынша албаниялық “Эгнатия” (13) мен болгариялық “Лудоргорец” (11) тұр. 

Қайрат сапынан келер ойындарда Валерий Громыко мен Жоржиньоға абай болу керек. Себебі, бұл ойыншылардың есебінде қос сары қағаз бар. Келесі ескерту бұл ойыншфлар үшін 1 матчқа дисквалификация болуы ғажап емес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×