«Интер» мен «Қайрат» командаларының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турындағы матчы алдындағы бастапқы құрамдары белгілі болды.
«Интер»: Зоммер, Дюмфрис, Де Врей, Зелиньски, Мартинес, Фраттези, Барелла, Аугусто, Биссек, Димарко, Эспозито.
«Қайрат»: Анарбеков, Луиш Мата, Қасабулат, Жоржиньо, Сәтпаев, Арад, Мрынский, Широбоков, Эдмилсон, Громыко, Сорокин.
Матч 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Италияның Милан қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Бұл ойынға «Интер» үш матчтан кейін тоғыз ұпаймен келеді.
Ал «Қайрат» үш кездесуден кейін небәрі бір ұпай жинаған. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда үшінші турда өз алаңында кипрлік «Пафоспен» тең ойнаған (0:0).