«Қайрат» - Чемпиондар лигасының плей-оффында!

13.08.2025, 02:16

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы қарымта матчта сырт алаңда Братиславадан «Слован» (Словакия) клубымен кездесті.

 

«Қайрат» - Чемпиондар лигасының плей-оффында!

Ойын басталған сәттен-ақ алаң иелері шабуылға лап қойды. Бірақ қонақтар Жоржиньоның айып алаңынан жасаған соққысымен жауап беріп, доп қақпа маңдайшасынан қайтты. Әйтсе де словакиялықтар қарқындарын арттырып, Роберт Мактың күшімен есеп ашты.

Екінші таймда алматылықтар бірнеше гол соғатын сәттер жасай алды. Өздері де қарсы шабуылдан қақпаға доп өткізіп ала жаздады. Мактың соққысы қақпа жақтаушысына тиді. Негізгі уақыт тең аяқталды да, матч қосымша уақытқа ұласты. Одан кейін пенальти сериясында «Қайрат» мықтырақ болды.

Осылайша, «Қайрат» Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді олар Шотландияның «Селтик» клубымен кездеседі.

«Слован» (Братислава, Словакия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 1:0 (1:0) пенальти: 3:4
Гол: Мак, 30 (1:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×