«Қайрат» ЧЛ-да қалған кездесулерге қалай дайындалмақ? ҚПЛ аяқталды, қарсыласты қайдан табады?

06.11.2025, 12:01

«Серый CARDINAL» телеграмм-арнасы «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі мүмкіндігін бағалап, пікір білдірген.

«Қайрат» ЧЛ-да қалған кездесулерге қалай дайындалмақ? ҚПЛ аяқталды, қарсыласты қайдан табады?
"Интер" - "Қайрат" кездесуінде алматылықтар қақпасын күзеткен Темірлан Анарбеков

Жазбада алматылық клубтың турнирдегі дайындығына назар аударылған болатын. Дәлірек айтсақ, ҚПЛ чемпионына қараша-қаңтар аралығында ойын тәжірибесінің жетіспеушілігі кері әсерін тигізуі мүмкін делінген.

«Қалай дегенде де итальялықтар 12 ұпаймен «Бавария» және «Арсеналмен» бірінші орынды бөлісуде. Қазақстандық клубқа қатысты айтсақ, алда 4 ойыны бар. Олардың ішінде жеңіске жетуге болады-ау дейтіні - «Копенгаген» мен «Олимпиакосқа» қарсы кездесулер. Бірақ, олардың да «Қайраттан» 3 ұпай алсам деген ойы барын айта кету керек. Өткен ЧЛ-ға қарағанда, плей-офқа шығу үшін 11 ұпай алу керек секілді. Қазір мұндай мүмкіндіктің жоқтығы түсінікті. Не дегенмен, «Арсенал» мен тіпті «Брюггенің» өзі басқа салмақ санатындағы қарсыластар. Ал шынымен қол жеткізуге болатыны – «жеңіс» деген кестедегі нөлді алып тастау мүмкіндігі. Солай еткен жағдайда, отандық футболға кәдімгідей серпіліс болатын еді. Тек бір жағдай алаңдатады: «Қайрат» бабын қалай сақтамақ? Чемпионат әлдеқашан аяқталып қойған, алда арасы ұзақ үзілістерден тұратын кездесулер күтуде», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында.

«Қайрат» 4 турдан кейін 1 ұпаймен жалпы кезең кестесінде 34-орынға табан тіреуде. Келесі турда алматылықтар 26-қарашада сырт алаңда «Копенгагенмен» кездеседі.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×