Танымал бапкер Асқар Қожабергенов «Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы қалған екі кездесуіне тоқталып, жалпы мүмкіндіктерін бағалады.
ҚПЛ чемпионы 6 тудан кейін 1 ұпаймен жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде соңғы орынға түсті. Өткен жолы Рафаэль Уразбахтиннің командасы «Олимпиакостан» ұтылып қалған болатын 0:1.
«Чемпиондар Лигасының қалған екі кездесуінде «Қайратқа» ұпайдан дәмелену қиын. «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы матчтарды айтып отырмын. Не дегенмен бұл өте азулы, деңгейі жоғары қарсыластар. Бірақ, бәрібір алматылықтар осы ойындарда ұпайдан да маңызды дүниелерді алады деп ойлаймын. Ол әрине тәжірибе. «Қайрат» турнирден үлкен тәжірибе еншілеп қалады», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
«Қайрат» енді 20-қаңтарда «Брюггені» қабылдайды.