«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңін неше ұпаймен аяқтауы мүмкін? Мамандардың обьективті бағасы

21.10.2025, 12:03

Танымал маман Алмас Құлшынбаев «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі мүмкіндігін бағалап, қанша ұпай алуы ықтимал деген сауалға жауап берді.

«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңін неше ұпаймен аяқтауы мүмкін? Мамандардың обьективті бағасы
Дастан Сәтпаев голын тойлауда

Бүгін алматылық команда 3-тур аясында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.

«Пафос» пен «Олимпиакосен» терезесі тең өнер көрсетуге болады. Бірақ, «Брюгге» оңай емес. Қазір жалпы Бельгия футболының тасы өрге домалап тұр. Онда футболшылардың жаңа буыны қалыптасуда. Бұл клубтық деңгейде де, ұлттық құрамасынан да байқалады. Мұны «Брюгге» биыл Чемпиондар Лигасында толығымен дәлелдеуде. Өз алаңында, сырт алаңда жақсы нәтижесімен есте қалып отыр. Алматыдағы ойындардың нәтижесі көптеген факторларға байланысты болады – қыста алаңның жағдайы, мұндағы таудың қысымы дегендей. Міне, осындай дүниелер өз әсерін тигізуі мүмкін. Сырт алаңда  «Копенгагенмен» де тіресіп көруге болады деп есептеймін. Меніңше, - алматылық клуб жалпы кезеңде шамамен 6-7 ұпай алады. Әрине, түбінде бұдан да көбірек еншілейді деп үміттенеміз ғой. Ал былай шынайы түрде бағалайтын болсақ, «Қайраттың» 6-7 ұпай алатын шамасы бар», - деді А. Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

«Қайрат» екі турдан кейін ұпай еншілей алмай келеді. Ал кипрлік команданың қоржынында 1 ұпай. Маңызды матч 19:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×