“Қайрат” дәрігері әуежайдағы әзілі үшін рейстен шеттетілді

Бүгін, 10:35

Жағымсыз оқиға Қазақстан Суперкубогы жолындағы матчтан кейін, әуежайдағы тексеру кезінде орын алған, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” дәрігері әуежайдағы әзілі үшін рейстен шеттетілді

Команда дәрігері Дастан Тұралиев қауіпсіздік қызметінің "тыйым салынған заттарыңыз бар ма?” деген сұрағына "жанында бомба бар" деп жауап берген.

Әзілдің арты үлкен тексеріске ұласып, мамандар ешқандай жарылғыш зат таппағанымен, тәртіп сақшылары дәрігерді бірден рейстен қалдырды. Қазіргі таңда Тұралиевтің үстінен "ұсақ бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды.

Айта кетерлігі, Қазақстанда мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік өте қатаң. Тіпті, жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×