Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі “Қайратқа” қарсы өткен (0:0) алғашқы үй матчынан кейін “Селтик” жанкүйерлерінің ойлануына көп себеп болды. Олар өздерінің шынайы эмоцияларын клубтың әлеуметтік желілерінде ашық бөлісті.
Үйдегі ойынның нәтижесі “Селтик” үшін күтпеген соққы болды. Шынын айтқанда, тіпті көптеген қазақстандықтар да “Қайраттан” мұндай нәтижені күтпеді, бар үмітті қарымта ойынға артқан еді. Алайда ақыры шотландиялықтар өз жанкүйерлерінің ашуына тиді, ал алматылықтар бүкіл елді өздерінің өнерімен мақтануға мәжбүр етті!
“Селтик” жанкүйерлері “Қайратпен” тең ойыннан кейін ашуға булықты
Глазгодағы 0:0 есебінен кейін жанкүйерлер клуб басшылығын қатты сынға алды. Олардың айтуынша, басшылар тек ақша жинайды, бірақ сапалы ойыншыларға қаржы бөлмейді. Сондықтан команда әлсіз, құрамда балама жоқ, ал Чемпиондар лигасына дайын емес.
Бапкер Брендан Роджерс пен кейбір ойыншылар да сынға ұшырады. Жанкүйерлер “Қайратты” ірі есеппен жеңу керек еді десе, кейбірі оны “әуесқойлар командасы” деп атады. Бірақ “Селтик” өз деңгейін көрсете алмады.
Қарымта матчқа байланысты пікірлер екіге бөлінді: бір бөлігі “Қайрат” Алматыда жеңеді деп сенеді, тіпті ірі есеп күткендер бар. Басқалары “Селтик” әлі де өтеді деп үміттенеді.
Жанкүйерлер “Қайраттың” жас жұлдызы Дастан Сәтбаевтың дисквалификациясын өздеріне плюс санауда. Бірақ көпшілік шотланд клубының Еуропада бәсекеге қабілетсіз екенін мойындайды.
26 тамызда Алматыда өтетін қарымтада жеңген команда Чемпиондар лигасына, ұтылғаны Еуропа лигасына жол тартады.