«Қайрат» - «Елімай» кездесуіне болжам

16.08.2025, 10:10

Алматылық клуб 43 ұпаймен көш бастауда.

«Қайрат» - «Елімай» кездесуіне болжам
«Қайрат» ФК футболшылары голдарын тойлауда

19 матчта - 13 жеңіс, 4 тең ойын мен 2 жеңіліс. Соңғы бес турда олжалағаны 13 ұпай. Рафаэль Уразбахтиннің командасы осы аптада қиын теке-тіресте «Слованды» қапы қалдырып, ЧЛ плей-офф кезеңіне шықты. Ал оның алдында «Ұлытауды» ұтқан болатын 1:0. Словакиядағы ауыр матчтан кейін бүгін бапкерлік құрам біраз ротация жасауы ықтимал. Бірақ, бәрібір алматылық клуб басым болады деп есептейміз. Еурокубоктік мақсаттардан бөлек, премьер-лиганың маңызды бөлігінде ұпайдан шашау шығаруға болмайды. 

«Елімай» 20 кездесудің 9-ын жеңіспен аяқтап, 5 матч тең тарқасқан және 6 ойында жеңілді. Қоржынында 32 ұпай. Андрей Карпович шәкірттері соңғы үш матчта 7 ұпай жинап, нәтижелілігімен, тартысты ойынымен есте қалуда. Әсіресе, «Ақтөбемен» болған кездесудегі жігерлі жеңісі ерекше - 2:1. Семейліктер сапында жаңа ойыншылар Ғалымжан Кенжебек пен Рамазан Оразовтың өнерін айрықша атап өтуге болады. 

Мұндағы ықтимал нұсқа - 1-таймдағы голдардың жалпы тоталы 1-ден көп. Бұған Fonbet.kz 1.85 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×