Шотландиялық "Селтик" командасырың Celticquicknews.co.uk сайты Глазгодағы кездесуге дейін Қазақстан Премьер лигасының 21-турында "Қайраттың" "Елімайдан" алған жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
"Сенбіде "Қайрат” Семейдің "Елімайына” қарсы өз алаңындағы матчта екі голдық басымдықты жоғалтты. Алматылықтар 9000 жанкүйердің көз алдында 2:3 есебімен жеңілді. Сәрсенбіде басқа ойын болады, бірақ бұл жеңіліс команданың алдағы жолына әсер етеді.” — деп жазды Celticquicknews.co.uk.
"Қайрат" "Селтикпен" алғашқы матчты 20 тамызда сырт алаңда өткізеді, ал жауапты кездесуі 26 тамызда Алматыда өтеді.