“Қайрат” енді “Ақтөбе” Жанкүйерлер Асановты кешіреді ме?

13.09.2025, 08:00

Ақтөбеде футболға байланысты туған дау  күтпеген жерден аяқталды.

“Қайрат” енді “Ақтөбе” Жанкүйерлер Асановты кешіреді ме?

Бұған дейін қаладағы кондитер Самал Асанова әлеуметтік желілерде сынға ұшыраған еді. Ол "Қайраттың” Чемпиондар лигасына шығуын атап өту үшін сары-қара түсті торт жасап, үстіне "Сенеміз!” деген жазу қалдырған. Бұл әрекет "Ақтөбе" жанкүйерлерінің ашуын туғызып, олар кондитерді туған клубына құрметсіздік жасады деп айыптап, тіпті кондитерлікке бойкот жариялауға шақырған.

Алайда бүгін Самал Асанова жаңа қадамға барды – бұл жолы ол қызыл-ақ түсті, "Ақтөбе" логотипі бейнеленген, футбол добы бар ерекше торт пісірді. Оның үстіне, кондитер өз дүкенінде келушілерге тегін тәтті ұсынып, бұл сәттің видеосын әлеуметтік желіге жүктеді.

"Ақтөбе – менің туған қалам. Келіңіздер, бөлінбейік, тату өмір сүрейік. Бірлігі бар ел ғана жеңіске жетеді.” – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×