32 жастағы қорғаушы Еркін Тапалов өз командасының алдағы ойындарын жіберіп алу қаупі жоғары.
Тәжірибелі футболшы Чемпиондар Лигасының “Реалға” қарсы топ матчынан кейін әлі де қалыпқа келе алмай жатыр екен. Тапаловтың қатарға қосылу мерзімі ұзаққа созылғаны соншалық құрама бапкері Талғат Байсуфинов оны Қазақстанның алдағы ойындарына шақыртпапты.
“Қайрат” жанкүйерлерінің өкінішіне қарай, Еркін сары-қаралардың Премьердегі “Қызылжар” және Чемпиондар Лигасындағы “Пафоспен” болатын ойындарында жіберіп алуы мүмкін. Қазақстандық клубтың медициналық штабы әзірге Тапаловтың жағдайына байланысты ештеңе айтпауда.
32 жастағы қаптал қорғаушысы осы маусымда “Қайрат” жейдесінде барлық турнирлерде 26 матч өткізді.