«Қайрат» ертең ұтылады? Бірақ бәрібір плей-офқа шығады?

29.09.2025, 15:08

«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші кездесуінде әйгілі «Реалға» қарсы тұрады. Бірінші турда алматылықтар «Спортингтен» ойсырай ұтылған болатын 1:4.

«Қайрат» ертең ұтылады? Бірақ бәрібір плей-офқа шығады?
"Қайрат" ФК футболшылары

Ал ҚПЛ чемпионының мүмкіндігіне байланысты ChatGPT мынадай болжам айтып, өз бағасын берген екен.

«Жаңа форматтағы Чемпиондар лигасында 36 команда біртұтас турнир кестесінде бақ сынайды. Әр клуб сегіз кездесу өткізеді, ал жинаған ұпай саны плей-оффқа жолдамаға тікелей әсер етеді. Орта есеппен алғашқы 16-ға ену үшін 10–11 ұпай қажет. Кейде 9 ұпай жеткілікті болуы мүмкін, бірақ бұл сирек жағдай. «Қайрат» өз алаңындағы қолайлы қарсыластарды жеңіп, мықты клубтардан тең ұпай алса, 7–8 ұпай жинауы ықтимал. Ал күтпеген жеңіс арқылы межелі 10 ұпайға қол жеткізуге мүмкіндік туады. Дегенмен, клубтың алғашқы маусымдағы шынайы мақсаты – 17–24 орындардың бірін иеленіп, Еуропа лигасының плей-оффына жолдама алу. Бұл қазақстандық футбол үшін де елеулі табыс болмақ. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалы әзірге қол жетпес мақсат болып тұр, оған мінсіз ойын және үздіксіз нәтиже қажет», – делінген аталған материалда.

«Қайрат» ертеңгі ойынды есепке алмағанда тағы «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгагенмен» жолығады. ЧЛ жалпы кезеңінде 4 ойынды Алматыда, тағы соншама кездесуді сырт алаңда өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×