«Қайрат» еурокубокта ерекше жайтты тіркеді

13.08.2025, 03:49

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші айналымында «Слованды» жеңіп қана қоймай, ерекше жетістікті де тіркеп үлгерді.

«Қайрат»  еурокубокта ерекше жайтты тіркеді

Отандық клубымыз алғаш рет еурокубок тарихында Словакия командасынан өте алды.

Бұған дейін қазақстандық клубтар еурокубокта Словакия командаларымен төрт рет кездесіп, барлығында жеңілген еді:

  • 2002/03 маусымында «Атырау» УЕФА Кубогының алғашқы айналымында «Матадорға» екі матч қорытындысы бойынша (0:2) жол берді;

  • 2005/06 маусымында «Қайрат» Чемпиондар Лигасының алғашқы айналымында «Артмедиядан» (3:4) ұтылды;

  • 2011/12 маусымында «Тобыл» Чемпиондар Лигасы іріктеуінің екінші кезеңінде «Слованнан» (1:3) жеңілді;

  • 2021/22 маусымында Конференциялар Лигасының үшінші кезеңінде «Жилинадан» (0:6) ойсырай ұтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×