“Қайрат” Еуропаны шулатқанда, Өзбектер футбол алаңын жөндей алмай отыр” “Қайраттың” жетістігі Өзбекстанға проблемаларын еске салды

29.08.2025, 21:15

Өзбекстандық журналист Нарзулла Сайдуллаев америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өткеннен кейінгі "Миллий" стадионының жағдайын көрсетті. "Бәрі Паулу Бенту мен "Қайратты" талқылап жатқанда, "Бунёдкор" стадионының алаңы осындай күйде тұр." – деп жазды Championat.Asia порталының бас редакторы өзінің Telegram-арнасында.

“Қайрат” Еуропаны шулатқанда, Өзбектер футбол алаңын жөндей алмай отыр” “Қайраттың” жетістігі Өзбекстанға проблемаларын еске салды

2025 жылдың 7 тамызында Лопес тарихта алғаш рет Өзбекстанда өнер көрсетіп, Up All Night — Live in атты әлемдік турының концерті Ташкентте өтті. Стадионда шамамен 25 мың билет сатылған. Концерттен кейін алаң қатты зақымдалып, енді қайта жаңартуды қажет етеді.

"Бунёдкор" стадионы (қазіргі "Миллий") Ташкентте орналасқан, сыйымдылығы – 34 мың көрермен. Ол жергілікті клубтың және Өзбекстан ұлттық құрамасының алаңы болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×