«Қайрат» Финляндияда жеңіліс тапты

22.07.2025, 21:56

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында финляндиялық «КуПС» командасымен кездесті.

«Қайрат» Финляндияда жеңіліс тапты

Ойын Финляндияның Куопио қаласындағы «Куопион Кескускенття» стадионында өтті. Кездесуге испаниялық төреші Алехандро Муньис Руис қазылық жасады.

Бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, есеп ашылмады. Екінші таймның басында алаң иелері шабуылды үдетіп, 49-минутта Мохамед Туре алыс қашықтықтан соққы жасап, есеп ашты. Артынша алматылықтар таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда 71-минутта Яакко Оксанен тағы бір алыстан бағытталған соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.

Жауапты матч 29 шілде күні Алматыда өтеді.

«КуПС» (Куопио, Финляндия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 2:0 (0:0)

Голдар: Туре, 49 (1:0), Оксанен, 71 (2:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×