Бүгін Алматы ұжымының футболшылары базаға жиналып, арнайы медициналық тексерістен өтуде.
Үш аптаға созылған демалыстан кейін қайта бас қосқан Қайрат ойыншылары 4 қаңтар күні БАӘ жолға шығады. Онда команда 15 қаңтарға дейін ОЖЖ өткізіп, ресми матчтарға дайындығын пысықтайды.
Абу-Даби жерінде жоспарланған жиында клуб екі бақылау матчын өткізеді:
9 қаңтар - “Нетфчи” (Әзербайжан)
14 қаңтар - “Вараждин” (Хорватия);
Одан кейін, 20 қаңтарда “Қайрат” Чемпиондар Лигасы аясында “Брюггемен” бақ сынасады. Еурокубоктегі қорытынды кездесуін алматылық жігіттер 28 қаңтар күні “Арсеналмен” тәмамдайды.