“Қайрат” командасын жаттықтырып қалуы мүмкін үміткерлер тізіміне жаңа бапкер кірді.
Украина және Тәжікстан елінің азаматтығы бар Виталий Левченков 2022 жылдан бері өзбекстандық “Нефтчи”клубын жаттықтырып келеді.
Өзінің бапкерлік мансабында 52 жастағы маман украиналық “Княжа”, “Десна”, “Еднисть”, тәжікстандық “Баркчи”, “Худжанд”, “Истиқлол”, ресейлік “Крылья Советов” ұжымдарында қызмет атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ өкілдері Александр Кержаковтың “Қайраттың” жаңа бас бапкері атанатынын жарыса жазған болатын. “Зениттің” экс-ойыншысы алматылық клубпен арадағы келісімді нығайту үшін оңтүстік астанаға арнайы келгенде еді.
Қазіргі сәтте “сары-қаралар” командасын Рафаэль Уразбахтин жаттықтырып жүр.
Біздің серіктес: FONBET