“Қайрат” - Freedom QJ League турнирінің жеңімпазы!

“Қайрат” U-18 командасы Freedom QJ League  турнирінің 17-турында ақтаулық “Каспиді” 8:0 есебімен оңдырмады. 

“Қайрат” - Freedom QJ League турнирінің жеңімпазы!

“Қайрат” - Freedom QJ League турнирінің жеңімпазы!

 

“Шахтердің” Қызылорда жерінде ұпай жолғатуының арқасында алматылық жас футболшылар дүбірлі доданың мезгілінен бұрын дарабоздары атанды. Айта кетейік кеншілер “Қайсармен” 3:3 есебімен тең тарқасты. 

Жалпы 17 ойында сары-қаралар 47 ұпай жинады. Екінші орында 32 ұпаймен Шахтер келеді. Ал үздік үштікті 30 ұпаймен “Тараз” жастары түйіндеп отыр. 

27 қазанға дейін жалғасатын турнирдің екінші және үшінші орындарына талас жүретін болады. “Шахтер” мен “Тараздан” бөлек, жүлдеге “Ордабасы”, “Атырау” және “Астана” командалары үміткер. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×